Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазалы ауданында оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен 2 мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазалы ауданында №129 мектептің мұғалімі және №146 мектептің мұғалімі 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін айыпталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазалы ауданында оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен 2 мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: citytraffic.ru

«Қазалы ауданында 2023 жылы №129 орта мектеп мұғаліміне қатысты және 2024 жылы №146 орта мектеп мұғаліміне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігімен   (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) қылмыстық іс тіркелді», — делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінде.