Прямая трансляция

Астана

Астана

15.2°C

Қымбат Досжан Гүлнәр Сиқымбаеваның қазасына не себеп болғанын айтты

ҚР еңбек сіңірген артисі Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қымбат Досжан Гүлнәр Сиқымбаеваның қазасына не себеп болғанын айтты
фото: видеодан скриншот

Өнер иесінің құрбысы, журналист Қымбат Досжан марқұмды еске алды.

«Өзіңді «тамағына құс ұялаған әншісің» деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың, Гүлеке… «Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға, немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір-бірін көрсін» деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде… Түһ, құдай-ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40 тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың…

Енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… Не болды жаным-ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің… Әппақ, таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді… Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке», – деп жазды журналист.

Айта кетейік, Гүлнәр Сиқымбаева отбасындағы он бес баланың үлкені. Шымкент іргесіндегі Ленгір ауданындағы Майбұлақ таулы ауылында өскен. 1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева «Гүлдерге» қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде әндері бар. Қырғызстан және Қазақ­стан Рес­публикасының еңбек сі­ңір­ген әртісі.