Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

БҚО-да Жаңақазан ауылында жаңа спорт кешені қолданысқа берілді

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні  Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында С.Абуов атындағы жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

БҚО-да Жаңақазан ауылында жаңа спорт кешені қолданысқа берілді

Аталмыш спорт кешенінің ашылуына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т .Е.Каюпов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Нұржанов , Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаев,  мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңадан салынған спорт  кешенінің құны 215 млн 376 мың теңгені құрайды.

Жоба мердігері «Ақтөбе Мұнай Логистик»ЖШС. Спорт кешенінің құрылысы маусым айында басталып, бүгінде пайдалануға беріліп отыр.

Жалпы аумағы 712.26 шаршы метрді құрайтын спорт кешенінде кіші футбол алаңы, волейбол және баскетбол орындары,үстел теннис залы,еркін күрес алаңы,шахмат ойнау бөлмесі бар.