Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

БҚО-да 8 отбасы үйлі болды

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылы және  Мұқыр елді мекенінде  әлеуметтік осал топ санатындағы кезекте тұрған  8 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

БҚО-да 8 отбасы үйлі болды
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов келіп,  тұрғын үй иелерін жаңа қоныстарымен құттықтай отырып, жылы лебізін жолдады.

Жаңа үйлер «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес салынған болатын. Жаңақазандағы 80 шаршы метрді құрайтын 4 пәтердің құны 77, 48 млн теңге  «Самұрық – Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы сатып алынса, құны 35,9 млн. теңге құрайтын 2 пәтер республикалық бюджеттен сатып алынды.

Сондай-ақ, Мұқыр елді мекеніндегі 2 пәтер  «Самұрық – Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы 38,74 млн.теңгеге  сатып алынды.