Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"5 баланың өлімі": Жаңатастағы қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметінен кетті

Қазіргі кезде балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"5 баланың өлімі": Жаңатастағы қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметінен кетті
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен босатылды, деп хабарлады paryz.kz, облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданының әкімі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 ақпанда Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласында өрт болып, 5 баланың өмірін қиды. Өрт кезінде әкесі жергілікті ауруханада жұмыста болған, ал анасы дүкенге шыққан.

Өрттің алдын ала себебі ретінде оттың жатын бөлмесіндегі жанғыш материалға тиюі расталды. Қазіргі кезде балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Балалар Талас ауданының Үшарал ауылында жерленді.