Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Намаз оқу-оқымау әркімнің өз еркінде – дінтанушы

Дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы қоғамдағы исламофобияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Намаз оқу-оқымау әркімнің өз еркінде – дінтанушы
фото: видеодан скриншот

«Радикализмге де кетіп қалмай, исламофобияға да ұрынбай, талай жылғы қалыптасқан құндылығымызды сақтау маңызды. Өйткені күнделікті өмірімізде исламның элементтері бар. Қазақы салт-дәстүріміз туғанда азан шақырып ат қойғаннан өлгенде жаназа шығарғанға дейінгі кезеңде исламмен етене араласып кеткен. Сол құндылықтарды ұстанайық, - деді Кеңшілік Тышқанұлы Youtube-тағы «Сұрауы бар» арнасына.

Сарапшының пікірінше, қоғамда ізгі құндылықтарды насихаттау керек.

«Намаз оқу-оқымау әркімнің өз шаруасы. Сен оған тиіспе. Құндылықтарыңды уағызда. Ізгілігіңді жаса. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Хақ мұсылман кім болар, Айтқан сөзі шын болар, рақым, ұят, ар, нысап, төртеуі болса – дін болар» деп айтқан. Міне, біздің діндарлығымыз осы. Сондықтан радикализм үшін бүкіл исламды және исламнан нәр алған дәстүрлі дінімізді сол қазанға салып жіберуге болмайды, - дейді дінтанушы.