Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Кешіре алмадым»: Әкесінің көзі тірісінде сөйлеспеген блогер егіліп жылады

TikTok желісінде кеңінен танымал блогер Алтын Думан әкесінен айырылып қалғанын айтып жылады, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Кешіре алмадым»: Әкесінің көзі тірісінде сөйлеспеген блогер егіліп жылады
фото: видеодан скриншот

Блогердің сөзінше, әкесі көзі тірісінде онымен араласпаған.

«Әкем бізді тастап басқаға үйленіп кеткен еді. Соңғы рет он төрт жыл бұрын көрдім. Сол кезде мені кешіріңдер деп жылаған. Кешіре алмаймын деген едім. Жақында хабарласқанда да тұтқаны алмап едім. Кешіріңдер мені деп жазып жіберген еді. Жауап жазбадым. Кешірдім, әке. Сен де мені кешірші, әкешім», деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Алтын Думанға бұл ісі дұрыс болмағанын жаза кетті. «Кешіре алмаймын деп айтатын сен кімсің?», «Енді не үшін жылап отырсың?», «Адамның қадірін білу үшін міндетті түрде өлу керек пе?», «Ажырасқан әйелдер балаларын әкесіне қарсы қояды», «Естеріңде болсын, ана мен әкеге сендердің кешіргендерің керек емес», деп пікір білдірді жұрт.