Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бұл кісінікі еркелік емес»: Баспагер Арман Әлменбет Мақпал Жүнісованың жағдайыны алаңдаушылық білдірді

Арман Әлменбет танымал әншіні жазғырған желі қолданушыларын тыйып тастады, деп жазды madeniportal.kz.

«Бұл кісінікі еркелік емес»: Баспагер Арман Әлменбет Мақпал Жүнісованың жағдайыны алаңдаушылық білдірді

«Мақпал Жүнісовамен былтыр бірінші рет сапарлас болдым. Өмірімде көрген ең энергиясы көп адамдардың бірі. Сұмдық енді. Сахнада тіпті жанданады. Сахнадан тыс уақытта әңгіме айтса да анау-мынау стендап комигіңді далада қалдырады. Құдай күш-қуатты аямай берген адам екен енді. Кешеден бері ол кісі өйтті-бүйтті деп бәрі жазып жатыр ғой. Біреулер табалап жатыр, біреулер еркелігін көтерейік дейді. Табалайтындарға айтар сөзім жоқ. Еркелік дейтіндерге бір ауыз айтқым келеді. Бұл кісінікі еркелік емес қой. Төрт құбыласы тең бола тұра ойына келгенін істеп, полицияның қолына түсіп жүрген біз қатарлы жігіттердікі де еркелік, алпысқа кеп қамыққан әйел адамның сыртқа шыққан күйзелісі де еркелік пе? Менің ойымша екеуі де еркелік емес. Біріншілердікі құқық бұзу, оларды полиция ұстап, қамап, сот соттауы керек. Ал мына кісінікі қамығу, жалғызсырау, күйзелу. Бүгін бірнәрсе айтса, етеңіне өкініп, бәрін өшіреді. Сол сәтті пайдаланып бәрі әлгі видеоны жазып алып, сүйінші сұрағандай таратады», - деп жазды баспагер.

Сондай-ақ ол мұндай жағдай кез келгеннің басынан өтуі мүмкін екенін айтты.

«Бәріңіздің әке-шешелеріңіз бар шығар, ол кісілер де жыл өткен сайын бала боп бара жатқан жоқ па? Ол кісілерді де алдап-сулап көндіріп, баланы қорығандай қорып жүрген шығарсыздар? Бұл кісінің айналасында қой дейтін адам болмай қалған шығар, өзінің тағдыры ғой. Мақпал сахнада халыққа керемет еркелейтін адам. Онысы енді еркелік. Ал мынау көрсек те көрмей өтіп кетуіміз керек жағдай ғой. Жалаулатып, рейтинг жасап отырмыз. Ұят қой. Мемлекет сондай сайттарға ендігәрі тендер бермей тастауы керек. Жабылып қалсын сол беті», - деді А. Әлменбет.