Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Түркістан облысында 4 жұп егіз бір сыныпта оқып жатыр

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 4 жұп егіз бір сыныпта оқып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысында 4 жұп егіз бір сыныпта оқып жатыр
Фото: Telegram/otyrarkz

Otyrar.kz дерегінше, биыл аудандағы Өтебай Тұрманжанов атындағы мектептің бірінші сыныбына 4 жұп егіз барған.

Олардың бірі – Әмина Серікбай мен Алина Серікбай. Олар осы білім ордасындағы 1А сыныбында оқиды. Олар көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Үйінде 7 бала бар. Бірінші сыныпқа барған Ақарыс Нұрғали мен Бекарыс Нұрғалидің үйінде 6 бала болса, Нұрдәулет Сәрсен және Бақдәулет Сәрсеннің отбасында 4 бала тәрбиеленіп жатыр.

Сонымен қатар ауданда бірінші сыныпта оқитын Аян мен Аяла Асқар атты егіз де бар. Олардың отбасында 6 қыз және бір ұл бар.