Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Алла көтере алмайтын сынақ бермесін»: Жахан Отарғалиев әкесі жол апатына түскенін айтты

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Алла көтере алмайтын сынақ бермесін»: Жахан Отарғалиев әкесі жол апатына түскенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған.

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер. 

Одан кейін әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын айтты.

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды шоумен.