Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

«Әскерде интимдік шекара жоқ»: Дина Төлепберген Ербаянның оқиғасына қатысты сұмдық жайтты айтты

Танымал журналист Дина Төлепберген әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Әскерде интимдік шекара жоқ»: Дина Төлепберген Ербаянның оқиғасына қатысты сұмдық жайтты айтты
фото: видеодан скриншот

БАҚ өкілінің көмекшілері Ербаян борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге барып, полковниктен пікір алған. “Есінен танып құлады ма әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматы секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты", – деп мәлімдеді журналист.

Одан кейін полковниктің түсіндіруінше, сарбаз “Очко” деген жерде дәрет сындырғаннан кейін шалқасынан құлаған.

“Очко” деген сөзін түсініп тұрғаным жоқ. Интернетте "очко" деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі “очкода” Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты", – дейді Дина Төлепберген.