Абай облысында колонияда жазасын өтеп жатқан 50-ге жуық әйел оқуға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Риддер қаласының 55 жастағы тұрғыны адам өлтіргені үшін 7 жылға сотталған.
«Түрмеге былтыр түскен. 9-сыныпты бітіргеннен кейін жаман ортаға түстім. Салдарынан мектепті бітіре алмадым. Енді 55 жасымда колонияда білім алып, оқуымды жалғастырғым келді. Өйткені білім алуға ешқашан кеш емес. 2 ұлым мен 1 қызым бар. Ұлым да түрме де жазасын өтеп жатыр. Қызымның өз отбасы бар. Аттестат пен наубайшының дипломын алып, бостандыққа шыққым келеді», - деді әйел.
Колониядағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Ақмарал Қайранова сотталған әйелдер үшін сабақ 2 қыркүйекте басталатынын айтты.
«19 әйел орта мектепке, тағы 31-і кәсіптік училищеге қабылданды. Онда олар аспазшы, кондитер-наубайшы және тігінші мамандықтарын оқи алады», – деді басшы.