Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Маймыл шешегі: шетелге шығатын қазақстандықтар нені білуі керек?

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығатын қазақстандықтарды маймыл шешегінен сақтануға шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маймыл шешегі: шетелге шығатын қазақстандықтар нені білуі керек?
Фото: Reuters

Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегімен (мрох) ауырған бірде-бір науқас тіркелмеді.

Дегенмен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, шетелге шығатын қазақстандықтар төмендегі сақтық шараларын ескеруі керек:

Шетелге және эндемиялық елдерге шықпас бұрын сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты оқыңыз;

Тері бөртпесі немесе аурудың басқа белгілері бар адамдармен байланысқа түспеңіз және ауру жануарларға жоламаңыз;

Науқастарды күту кезінде маска тағып, қолғап киіңіз және тағы басқа жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Сізде маймыл шешегіне ұқсас белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Инфекцияның таралуын болдырмау үшін басқа адамдармен қарым-қатынастан аулақ болыңыз. Қолыңызды үнемі жуып, жиі байланысатын заттарды жуып шайыңыз.

Елге оралғаннан кейін 21 күн ішінде сізде бөртпе, безгек, бас ауруы лимфа түйіндерінің ұлғаюы сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Медициналық мекемеге барғанда қайда болғаныңызды және кімдермен байланыста болғаныңызды міндетті түрде айтыңыз.

Бұл дәрігерге қауіп-қатерді дұрыс бағалап, тиісті ем тағайындауға мүмкін береді.