Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

Айта кету керек, экс-банкир Жомарт Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде ұсталған болатын. Оған аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған еді.

Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды
фото: tengrinews.kz

Алматыда "Bank RBK", "Qazaq Banki" және "Eurasian Bank" банктерінен 188 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz

Айыптылардың қатарында экс-банкир Жомарт Ертаев, астық олигархы Нұрлан Тілеубаев, Әлімжан Тілеубаев, Ақан Сұлтанов, Серік Атабай және Оксана Шестакова бар.

ҚазАқпарат хабарлағандай, қылмыстық істің материалдары негізінде Нұрлан Тілеубаев Жомарт Ертаевтың көмегімен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттары арқылы несие алған. Сонымен қатар Ертаев Тілеубаевты өзі ықпал ете алатын әріптестерімен таныстырған. Ал Тілеубаев болса, ақшаның бір бөлігін Ертаевқа аударуы керек болған.

Сот Жомарт Ертаевты қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Нұрлан Тілеубаевты 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға соттады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болды. 

Әлімжан Тілеубаевқа ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот оны 5,5 жылға соттады. Пара бопсалады деп айыпталған Ақан Сұлтанов та кінәлі деп танылды. Бірақ ол шағымдану мерзімінің аяқталуына байланысты жазадан босатылды. 

Аса ірі көлемде алаяқтық және жалған құжаттар жасау, оларды сату бойынша айыпталған Оксана Шестакова мен Серік Атабайға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Серік Атабай - 5,5 жылға, ал Шестаков 5 жылға сотталды. Екеуі де жазаларын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.

"Сот Нұрлан Тілеубаев, Әлімжан Тілеубав, Жомарт Ертаев, Серік Атабай, Оксана Шестаковадан "DSFK (ДСФК) Арнайы Қаржы Компаниясы" ЖШС-нің пайдасына 97 млрд теңгеден астам және мемлекетке 2 млрд теңгеден астам баж салығын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Ал 46 млрд теңгеден астам және 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік баж "Qazaq Banki"-нің пайдасына шешілсе, 24 млрд-тан астам теңге және 725 миллион теңге мемлекеттік баж салығы "Еуразиялық банк" АҚ-ның пайдасына тимек", - делінген хабарламада.

Айыптыларға азаматтық істі аяқтауға екі ай уақыт берілді. Айта кету керек, экс-банкир Жомарт Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде ұсталған болатын. Оған аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған еді. Бірнеше айға созылған сот процесінен соң Жомарт Ертаев "Bank RBK"-ға тиесілі 140 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып, 11 жылға сотталған.