Бүгін Ақтауда «Otyrar city» 10 қабатты тұрғын үй кешені өртенді. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өртті жойды, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖД мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін 60 тұрғын ғимараттан өз бетімен қашып шыққан (оның ішінде 15-і – бала).
«ТЖД күшімен 15 адам (оның ішінде 8 бала) эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД. «Otyrar city» тұрғын үй кешенін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді. Қылмыстық іс қозғалды, өрттің пайда болу себептерін анықтау үшін қажетті сараптама жүргізілуде.
«Тұрғындардың шығындары да ескеріледі және тұрғын үйдің қасбетін қалпына келтіруді қоса алғанда, залал үшін өтемақы құрылыс компаниясына жүктеледі», - деп хабарлады әкімдік.