Оның құрбандары Ақтау, Жаңаөзен, Нұрсұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болды.
Ақмола полициясы интернеттегі ресурстар көмегімен қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлады paryz.kz.
Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет ресурстардың көмегімен алдап, 63 мың теңгесін иемденіп алған.
Осы факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынының 2020 жылы WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру үшін топ құрғаны анықталды.
Оның құрбандары Ақтау, Жаңаөзен, Нұрсұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болды. Адамдарға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 млн теңгеден асқан. Әйел өз кінәсін мойындады.