Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Араққа тәуелді адамды лас әңгімеге тартты»: Дана Нұржігіт Нұрсейіт Жылқышыбайдың әрекетін сынап тастады

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Алмас Өтешовтан сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбайдың әрекетін сынады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Араққа тәуелді адамды лас әңгімеге тартты»: Дана Нұржігіт Нұрсейіт Жылқышыбайдың әрекетін сынап тастады
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

«Мұны тектілік дейді. Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді. Осы жерде менің қояр сұрағым тек «Уақыт көрсетеді» жобасының авторына ғана. Нұрсейіт Жылқышыбай, ауыр диагноз - алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?! Жазбамды түсіну үшін алдымен Алмас Өтешовтың Жылқышыбайға берген сұхбатын көріңіз», - деп жазған ол.

Журналист Илья Ильиннің әрекетін қолдап, нағыз дос екенін тағы да қайталап өткен. 

Осыған дейін зілтемірші Алмас Өтешов Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, мансабындағы жағдайларды ашып айтқан еді. Кейін Илья Ильин де сұхбат беріп, Алмас Өтешовтің 10 жыл бойы ішімдікке салынғанын айтып, қазір оны емдетіп жатқанын жеткізген еді.