Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясында даулы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеп.

Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

"Жанқоштың жағынан ондай ешқандай әрекет жасалмаған (Әнарудың отбасына хабарласып, арызды алып тастауды өтінбеген- еск.). Жанқош арыз бойынша жалған деп есептейді. Өзін тазамын деп есептейді. Кешірім сұрап немесе арызын алып тастау туралы өтініш жасауға ешқандай негіз жоқ", - деді адвокат.

Сонымен қатар, жала жабу дерегі бойынша арызданушыны сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді. 

"Заң талаптарына сәйкес қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сотқа жүгінуге ниетіміз бар. Себебі қазіргі таңда кінә дәлелденбеген. Тергеу аяқталғанын күтеміз", - деді ол. 

Сонымен қатар, Жанқош Тұраровтың адвокаты арызданушының әкесі, танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі ешқандай байланысқа шықпағанын айтты.

"Жоқ", - деді адвокат. 

Сондай-ақ Тұраровтың адвокаты спортшыны айыптаған қызды сотқа беретінін айтты. 

"Әнаруді сотқа беру үшін соталды тергеу ісі аяқталуы керек. Себебі қазір оны сотқа берсек те, соталды тергеу ісінің аяқталуын күтуіміз керек. Одан кейін біз сотқа береміз", - деді ол журналистерге өткізген пресс-конференцияда. Сондай-ақ, ол есірткі мен ішімдікке қатысты тест тапсырылғанын айтты.

"Құқығымыз бірдей, сондықтан тек жәбірленушінің сөзі не желіде тараған ақпаратқа сүйеніп оны күдікті деп тануға болмайды. Іс бойынша дәлелдемелер жиынтығы болуы керек. Сараптамалар, бейнежазбалар болуы керек. Соталды тергеп-тексеру басталды, сараптамалар тағайындалды. Психотропты, алкогольге қатысты тест тапсырылды, бәрі таза деп көрсетілді", - дейді ол.