Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экоакциялар өткізілді

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасыаясында Алматыда қала тұрғындары арасында экологиялық ахуалды жақсарту және экологиялық мәдениетті арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экоакциялар өткізілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Экологиялық іс-шаралар Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасын, Полиция департаментін, бизнес және қоғам өкілдерін біріктірді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағыжұмыстың басты бағытының бірі ірі көлемдіқоқыстарды шығару ережесі бойынша түсіндірунауқаны. «Алматы қаласының аумағынабаттандыру ережесін» сақтау мақсатында ірікөлемді қоқыстарды сақтау орындарында - ҚТҚ жинау жөніндегі контейнерлік алаңдардыңжанында қосымша бейнебақылау камераларыорнатылды. Басқарма мен полицияның бірлесіпбұзушылықтарды анықтау бойынша рейджүргізілді, қоқыс шығаруды бақылау күшейтілді.

Ескі жиһаздарды, тұрмыстық техниканы жәнеқұрылыс қалдықтарын контейнерлік алаңдардасақтау қала үшін өзекті мәселе болып отыр.Ақпараттық роликтерде тұрғындарға қоқыс шығаратын көліктер үлкен қоқыс тасымалдауға арналмағандықтан, машиналардың бұзылуына әкелуі мүмкін екені айтылады.


«Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына» сәйкес тұрғындар мен заңды тұлғалар құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды арнайы орындарға - қоқыс полигондарына өздері шығаруға міндетті. Бұл ережені бұзғаны үшін айыппұл салынады, оның мөлшері бұзушының санатына (жеке және заңды тұлғалар) байланысты 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгереді.

Бағдарламаның маңызды аспектісі қаланың көрнекі ортасын жақсарту. Алматыда республикалық және жергілікті маңызы бар 56 тарих және мәдениет ескерткішін жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалды. «Алматы Қала Жарық» МКК бас инженері Әлімұхамед Жалпақов «жұмыс қосымша бюджет қаржысын тартпай, қолда бар ресурстар есебінен жүргізілгенін» атап өтті. Түнгі уақытта жарықтандыру қала тұрғындары мен қонақтарына кешкі уақытта көпшіліктің ескерткіштердің көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. 
Қалада бір реттік қоқыс көлемін азайту үшін«Эко-коинды кофеге айырбаста» бағдарламасыбасталды. Алматы қаласының эко-хабы әзірлегенбастама кофеханаларда қайта пайдалануға болатынстақандарды қолдануды ынталандырады. Қайтапайдалануға болатын ыдыспен келіп сатып алынғанәрбір сусын үшін келушілер 100 теңгеге баламаэко-коин алады. Бұл қаражатты экологиялық экотауарларды сатып алуға және шеберлікдәрістеріне қатысуға жұмсауға болады.

«Жақында акцияға кофеханалардың басқа да ірі желілері қатысады деп үміттенеміз және бұлбастама қоршаған ортаны сақтау үшін бірреттік ыдысты қолданудан бас тарту сынды Алматының жаңа дәстүріне айналады», - дедіЭко-хаб пен «Eco Network» ЖШС негізін қалаушыЕвгений Мұхамеджанов.  

Жоба қазірдің өзінде қаланың бірнешекофеханасында, соның ішінде «Неделька»желісінде қолға алынып, ауқымы кеңейіп келеді. Акцияға қала тұрғындарының танымал демалыс орны Горельниктегі «Апа Катя» кафесі де қосылды. Бастама экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және бір реттік ыдыстарды пайдалануды азайтуға бағытталған.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы эко-хабында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған шеберлік дәрістері өтті. 30-дан астам қатысушы қайта өңделген материалдан экологиялық қолөнер жасады, экологиялық мәдениеттің негіздерін зерттеді және экологиялық сөмкелерді бояуға қатысты. Іс-шара балалардың әлеуметтік өзара іс-қимылы мен шығармашылық дамуына, сондай-ақ саналы түрде тұтыну дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

«Ұлым екеуміз алғаш рет экохабтағы шеберлік дәрісіне қатыстық, мен ұйымдастырушыларға осы пайдалы іс-шара үшін алғыс айтамын! Ол қайта өңделген материалдардан қолөнер бұйымдары мен эко-коиндар жасап, шопперді бояды, ал ойын формасының арқасында сабақтар қолжетімді әрі қызықты өтті. Баламыздың дамып, жаңа нәрсені үйреніп жатқанына қуаныштымыз. Осы құнды тәжірибе үшін рахмет айтамын!», - деді қала тұрғыны Наталья.

Бұл бастамалар Алматы тұрғындары арасындақоршаған ортаны сақтау мен экологиялық жауапкершілікті дамытудың маңыздылығынкөрсетеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасының арқасында шаһар таза әрі әсем қала атанып, қатысушыларды көптеп тартып отыр.