Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтердің тағы бір «тарихи» бөлігі елге қайтарылды

10 млн доллардан астам заңсыз жиналған байлыққа қатысты алғашқы сот актісі орындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтердің тағы бір «тарихи» бөлігі елге қайтарылды
Фото: Halyq uni

«Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінің активтерінің заңдылығын талдау кезінде онымен үлестес азаматтарда шығу көзі белгісіз активтері анықталды.

Биыл ведомство 10 млн АҚШ долларынан астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады. Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырып, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Cот шешімін орындау аясында қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрағаттары мемлекет кірісіне айналдырылды, – делінген Комитет хабарламасында.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанын айта кету керек.