Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қыркүйекте «Елорда жастары» ипотекасына өтінімдер қабылдау басталады

Бұл жолы 75 тұрғын үй несиесін беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Қыркүйекте «Елорда жастары» ипотекасына өтінімдер қабылдау басталады
Фото: one photo/shutterstock.com

2024 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында Астанада "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Өтінімде Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады. 
Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр. 
Бағдарламаның негізгі шарттары: 

Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін; 
Бастапқы жарна – 10 пайыз; 
Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;
Несие ұзақтығы – 19 жыл. 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады:

мұғалімдер;
дәрігерлер;
ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;
журналистер;
мәдениет саласының қызметкерлері;
спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
әлеуметтік қызметкерлер;
коммуналдық сала қызметкерлері;
полиция департаменті қызметкерлері;
төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері;
тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.