Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматыда азық-түлік дүкендерге мүгедектігі бар адамдар шағымдануда

2024 жылдың басынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 126 тексеру жүргізді, оның 528-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 511-і жоспардан тыс, 1087-сі прокуратураның талабы бойынша, деп хабарлайды Paryz.kz, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматыда азық-түлік дүкендерге мүгедектігі бар адамдар шағымдануда
ru.freepik.com

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 159, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 98, мемлекеттік мекемелер – 67, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 74, оңалту орталықтары – 6, ауруханалар, емханалар – 85, стомалогиялар – 3, санаторийлер – 4, балабақшалар – 407, мектептер – 927, колледждер, лицейлер – 72, дүкендер – 18, сауда үйлері – 26, банк филиалдары – 6, «Қазпошта» АҚ филиалдары – 7, полиция бөлімшелері – 9, мәдениет үйлері – 15, мұрағаттар, мұражайлар – 13, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 16, нотариустар – 2, автобус парктері, авто және теиіржол вокзалдары, әуежайлар – 8, ЖК – 46, кітапханалар – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 13 және басқалар қамтылды.

Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша азық-түлік дүкеніне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.

Мәселен, мүгедектігі бар азамат Ерген Бекарыстановтың айтуынша, Орал қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайды жақсарту мәселелерінде оң динамика байқалады.

«Күн сайын қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасалуда. Киров саябағында тротуардың бойында көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді бағыттағыштар орнатылды, қала бойынша банктерге, супермаркеттерге, кафелерге кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындары, пандустар мен кіру топтары стандарттарға сәйкес келеді, жалпы қала бойынша инфрақұрылым объектілерін қолжетімділік нормаларына сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұған мен өте қуаныштымын», – деп өз пікірімен бөлісті Ерген Бекарыстанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.