Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

8 мыңнан 26 мың теңгеге дейін: Қазақстанда көмірдің бағасы өсті

Осы жылдың 7 айында 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Оның ішінде энергетикаға 37,3 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін шамамен 2,5 млн тонна көмір тасымалданды, экспорт көлемі 15,8 млн тонна көмір деңгейінде қалды. Бұл деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде салалық министрліктің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz.

8 мыңнан 26 мың теңгеге дейін: Қазақстанда көмірдің бағасы өсті
ortcom.kz

Оның айтуынша, жол карталарына әкімдіктердің қажеттілік жоспарлары, коммуналдық-тұрмыстық сектордағы сатып алу рәсімдерін аяқтау мерзімдері және вагондарды дайындауға байланысты өзге де іс-шаралар енгізілген. 

«Бұл жол карталары көктемде әзірленді, біз оларды түзеттік. Бүгін өңірлердің 2024-2025 жылдарға арналған қажеттілік жоспары жасалды, көмір сатып алу рәсімі толығымен аяқталды, бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір дайындауды жалғастырамыз. ҚТЖ Көмірді тиеу үшін жылжымалы құраммен тұрақты қамтамасыз етеді. Осы жылыту маусымына арналған жоспардың деректеріне сәйкес көмірді тұтыну көлемі шамамен 8,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 2,3 млн тонна, халыққа 6,3 млн тонна көмір қарастырылған», – деп атап өтті спикер.

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, 21 тамызда 1 млн тонна көмір әкелінген, қатты отынмен қамтамасыз ету жылдық жоспарға қарағанда орта есеппен 13%-ды құрайды. Қозғалыстың барлық кезеңіндегі шығындар, яғни көмірді кен орнынан тұтынушыға дейін жеткізу және теміржол тасымалының құны тұтынушы үшін бағаның қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. 

Көмірдің құны негізгі жеткізушілерден 7,1 мың теңгеден бастап, 9 мың теңгеге дейін жетеді. Атап айтқанда, негізгі жеткізушілер бойынша «Шұбаркөл Көмір» – 8 мың теңге, 900 теңгеге өсім бар. «Қаражыра» – 8,7 мың теңге, 200 теңгеге өсті. «Майкубен-Вест» – бағасы 7750 теңгеден басталады. «Шұбаркөл-премиум» – 9 мың теңге. Әр кәсіпорынның өзіндік математикасы бар. Өңірлерде көмір операторларының орнатқан көмір бағасы 8 мың теңгеден 26 мың теңге аралығында. 

«Кен орны маңындағы елді мекен тұрғындары сол жерден тікелей алып кетеді, сонда көмір бағасы 8 мың теңге болады. Көмір разрездерінен өте алыс орналасқан елді мекендер де бар, араларында теміржол тұйығы болмауы да мүмкін, мысалы, кентке дейінгі жол 200 шақырымға жетуі мүмкін. Мұнда КамАЗ жүргізушілерінің қызметтері қосылады, тіпті дизель отыны құнының өсуі де көмір бағасына әсер етуі мүмкін», - деп түсіндірді спикер.