Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әбілқайыр Сқақов облыс әкімі болған кезді есіне алғысы келмейді

Бүгін Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ғимаратында басқарма басшысы Әбілқайыр Сқақов БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Paryz.kz тілшісі Әбілқайыр Бақтыбайұлының еңбек жолына қатысты сұрақ қойды. 

Әбілқайыр Сқақов облыс әкімі болған кезді есіне алғысы келмейді
Абылкаир Скаков / Фото Informburo.kz

Әбілқайыр Сқақов 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды, кейін Екібастұздағы жылу электр станциясындағы апат салдарынан қызметінен айырылды.

«Кейіннен мына МӘМС қорының басшысы болып тағайындалдыңыз. Еңбек жолыңызды қарасақ, көбінесе қаржы, әкімшілік салаласының маманысыз, осы медицинаға байланысты жүйеге қалай келіп отырсыз? Жалпы сізді облыс әкімі қызметінен босату шешімі әділ болды ма?», - деп сұрады Paryz.kz тілшісі.

Жауабында Әбілқайыр Сқақов қор – қаржы институты екенін атап өтті.

«Әрине, медицина ұйымдарымен жұмыс жасайтын қаржы ұйымы. Қордың ішінде 40% дәрігерлер, 60%-ы экономистер мен қаржыгерлер. Сондықтан, екі жақтан күштерді біріктіріп біз алдамызға қойылған мақсаттарды орындаймыз деген жоспар бар. Істелініп жатқан жұмыстар мен жоспарлармен бөлісіп отырмыз.

Әрине, әр адамның өзінің шешімі бар, таңдауы бар. Мені осы жерге тағайындауға ұсыныс келді, мен ұсынысты қабылдадым. Мен үшін бұл үлкен талап, «вызов» ретінде қабылдауға болады. Сондықтан, қандай тапсырмалар бар, соларды сапалы түрде орындауға дайынбыз.

Шешім қабылданды, ол тарих. Оны тағы да қайталап, қопаруға қажет жоқ деп ойлаймын», - деді Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма басшысы.