Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді

150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Туризм және спорт министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді
Сурет: azattyq.org

Оның ішінде онлайн (eGov mobile) форматта бұл қызметті 149 973 адам, ал жазбаша - 3 213 адам қолданды.

Естеріңізге салсақ, шектеу бойынша өтінішті eGov мобильді қосымшасында электронды цифрлы қолтаңбамен беруге болады. Бұл туралы 18 наурызда Қазақстан туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Азамат өтініш берсе, сервис оны дереу тіркеп, "құмар ойындар және бәс тігуге қатысудан шектелген адамдар" тізіміне енгізеді.

Шектеу мерзімі — 6 айдан 1 жылға дейін және ол шешімді кері өзгерте алмайды. Шектеу мерзімі аяқталғанға дейін оны ұзартуға өтініш беруге болады.