Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстанда биыл жарты жылда 5,5 млн автокөлік тіркелген

Қазақстанда биыл жарты жылда 5,5 млн автокөлік құралы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық, деп хабарлайды Paryz.kz, El.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда биыл жарты жылда 5,5 млн автокөлік тіркелген

Оның 4,8 млн-ы жеңіл автокөлік, 540,8 мыңы — жүк көлігі, ал 114,1 мыңы – автобус.

Автокөліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік көп.

Ал автокөлігі аз облыстар – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірлері бар автокөлік құралдарының саны 9,4%-ке, яғни 157,3 мыңға дейін қысқарды. Аймақ белгіленбеген нөмірлері бар машиналардың саны 13%-ға, 294,4 мыңға дейін, ал дипломатиялық нөмір таққан автокөлік құралдарының саны 10%-ға, 48,8 мыңға дейін өсті, - деп жазды Energyprom.kz.

Биылғы жарты жылда қазақстандықтар 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі қозғалтқышы бар көлікті жиі пайдаланған. Ондай көліктердің саны бір жылда 9,8%-ға өскен. Жалпы Қазақстанда жүрген көліктердің 81,9%-і бензинмен жүреді.