Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Биыл қандастардың өңірлік квотасын алғандар саны күрт өскен

Қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді, деп хабарлайы Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қандастардың өңірлік квотасын алғандар саны күрт өскен
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізді. 
Атап айтқанда, қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам болып бекітілді.
Ал қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді.
Шілде айының басында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғайды.

Айта кетейік, қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құраған еді. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.