Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Еркін емес": Қазақстан Freedom House рейтингі бойынша көш соңында

Тізім бойынша "еркін" елдер қатарына Норвегия, Финляндия, Швеция жатады екен. Сондай-ақ ең қуатты экономикасы бар Жапония, Ұлыбритания, Германия, АҚШ мемлекеттері де аталған тізімнің көшін бастап тұр. 

"Еркін емес": Қазақстан Freedom House рейтингі бойынша көш соңында
фото: ашық дереккөз

Freedom House ұйымы азаматтық бостандық деңгейі рейтингін түзіпті. Бұл ақпаратты Currenttimasia сайты жариялады. Ол бойынша, Қазақстан азаматтары "еркін емес" елдер қатарына кіріп, 100 балдан 23 балл жинаған, деп хабарлады paryz.kz, abai.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл сайын әлем елдерінің саяси құқықтық, азаматтық бостандық деңгейі бойынша рейтингтері жасалады. Оған сәйкес, мемлекеттер "еркін", "жартылай еркін", "еркін емес" болып бөлінеді.

Тізім бойынша "еркін" елдер қатарына Норвегия, Финляндия, Швеция жатады екен. Сондай-ақ ең қуатты экономикасы бар Жапония, Ұлыбритания, Германия, АҚШ мемлекеттері де аталған тізімнің көшін бастап тұр. Ал "еркін емес" елдер қатарына Қазақстан, Ресей, Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттері топтастырылған.

Freedom House әлемдегі мемлекеттер билігінің мінез-құлқын екі критерий бойынша бағалаған:

- саяси құқықтар, азаматтардың көшбасшыларды таңдауға және қоғам үшін маңызды шешімдерді қалыптастыруға еркін қатысу мүмкіндігі;

- азаматтық бостандық (іс жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі мен азшылықтардың құқықтарын сенімді қорғау, мемлекет тарапынан пікірлерді, институттарды және жеке автономияны дамыту еркіндігі).