Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қыркүйектің 1-інен бастап медициналық ұйымдарды тұмауға қарсы екпеге дайындау керек. Медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер жүктелді:
Сондай-ақ 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталған соң дәрігерлер маска киіп жүруге міндетті. Олар мекемелерде эпидемиялық маусым (тұмау, ЖРВИ және COVID-19) кезінде науқастарын қабылдауға дайын болу керек.
Сонымен қатар ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды сұрыптау қағидатын сақтауды ескере отырып, тұмаумен, ЖРВИ-мен және COVID-19-бен науқастар саны артқан жағдайда медициналық ұйымдарда қосымша инфекциялық төсек-орнын ашу жоспарын бекіту ұсынылып отыр.
Медицина қызметкерлері тұмаумен, ЖРВИ-мен және COVID-19мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемелерде эпидемияға қарсы режимді сақтау үшін міндетті түрде оқу-жаттығудан өтуі тиіс. Ауруханаларда дезинфекциялау режимі күшейтіледі.
“Білім беру ұйымдарының басшылары студенттер мен қызметкерлердің сабаққа қатысуына күнделікті мониторинг жүргізіп, сабаққа келмеу себептерін анықтап, медициналық ұйымдарды хабардар етуге міндетті. Аурулардың алдын алу үшін білім беру ұйымдарында ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілерін анықтау үшін "таңертеңгілік сүзгілеу" ұйымдастырылады. Сонымен қатар білім бөліміне ауру балаларды дер кезінде шеттетіп, ата-аналары келгенше оларды оқшаулауды тапсырылды”, – делінген құжатта.