Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Мүлікті ломбардқа өткізіп жіберген: Пәтерді жалға берудің қауіптері

Астанада пәтерін жалға берген үй иесі тұрғындардың әрекетінен шығынға ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Мүлікті ломбардқа өткізіп жіберген: Пәтерді жалға берудің қауіптері
pixabay.com

Жәбірленушінің айтуынша, бір жас қыз оның пәтерін 6 ай бойы жалға алған. Бастапқы 4 айында жалдау ақысын уақтылы төлеп отырған. Содан кейін қаржылай қиындықтар туындағандықтан, үй иесі төлемді уақытша кейінге қалдыруға рұқсат берген. Алайда қаскүнем қыз сенімді пайдаланып, пәтер иесінің теледидары мен үтігін ломбардқа өткізіп, артынша байланысын үзген.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық ПБ қызметкерлері елорданың 25 жастағы тұрғынын анықтады.

Астана қаласының полиция департаменті жалға пәтер берушілерге жалға беру шартын толтыру кезінде мұқият болуды ұсынады.