Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Павлодар облысында алты баласына алимент төлемеген әке ұсталды

Жыл басынан бері Павлодар облысында полиция 200-ге жуық борышкерді іздестірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысында алты баласына алимент төлемеген әке ұсталды
Сурет: Tengrinews.kz

Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздестіру – көші-қон қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Көші-қон полицейлері алимент төлемеген борышкерлер және туыстарымен байланысын жоғалтқан адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Мысалы, полицейлер іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынының орналасқан жерін анықтады, ол өзінің алты кәмелетке толмаған баласын асырауға үш миллион теңгеге жуық қарыз болды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Елеутаев. 

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында 192 борышкер іздестірілді, оның 159-ын полиция қызметкерлері анықтап, сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушыларына тапсырды. 

Естеріңізге сала кетейік, үш айдан астам уақыт бойы балаларды немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.