Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Бөтелкені алып, ішіп қойған: Бес жасар бала балабақшада ацетонмен уланған

Екібастұзда бес жасар бала ацетон ішіп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Бөтелкені алып, ішіп қойған: Бес жасар бала балабақшада ацетонмен уланған
Сурет: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бес жасар балаға 15 тамызда сағат 16:51-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға "жедел жәрдем" шақырылған. Дәрігерлер алдын ала химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті.  

Білім беру бөлімінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бөтелкені алып, бір жұтым ішіп қойған.

– Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, – деп түсіндірді Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Науқас Екібастұз қалалық ауруханасында орта дәрежедегі жағдаймен бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі таңда толық дәрігерлердің бақылауында.