Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Түс көрдім...": әйелін таппай қалған павлодарлық полицияны шулатты

Азамат тәртіп сақшыларына жарын ұрлап кеткенін, белгісіз біреулер өзіне хабарласып, ақша талап еткенін жеткізген...

"Түс көрдім...": әйелін таппай қалған павлодарлық полицияны шулатты
фото: дереккөз

Ішімдік ішкен павлодарлық азамат әйелін әлдекімдер ұрлағанын айтып, полицияға хабарласқан. Ал зайыбы бұл уақытта жұмыста болған екен, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ішімдік ішкен соң ұйқыға кеткен ер адам оянған соң әйелінің үйінде жоқ екенін байқаған. Сөйтіп, полицияға хабарласқан. Азамат тәртіп сақшыларына жарын ұрлап кеткенін, белгісіз біреулер өзіне хабарласып, ақша талап еткенін жеткізген. Бірден іске кіріскен полицейлер ешқандай ұрлық болмағанын анықтаған. Белгілі болғандай, әйел таңертең жұмысқа кетіп, күні бойы сонда болған. Ал павлодарлық тұрғын "түс көрдім ғой деймін" деп ақталыпты.

Полиция "102" оператор пультіне Павлодар қаласы бойынша күнделікті 300-500 қоңырау түсетінін, әр факті жеке-жеке тексерілетінін мәлім етті.