Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Маңғыстаудағы мұалімдер екі жыл қатарынан алған жалақыларын мемлекетке қайтарады

Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізілді. Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстаудағы мұалімдер екі жыл қатарынан алған жалақыларын мемлекетке қайтарады
gov.kz/informburo.kz

Oблыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылған.

Облыстың педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - деп жазылған білім басқармасы таратқан ақпаратта.