Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге ел күтпеген ерекше сыйлықты тарту етті

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жеңісін тойлау мақсатында Төреғали Төреәліні өз шаңырағына қонаққа шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz

Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге ел күтпеген ерекше сыйлықты тарту етті
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Елдос Сметовтен өзі күтпеген ерекше сыйлыққа ие болды. Ол чемпионға алғысын жаудырып, ұлдарының өзіне ұқсаған чемпион болуын қалайтынын жеткізді.

"Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзім терлеген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой", - деді Сметов.