Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты

Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат бүгін ауруханадан шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты
фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Нұржігітті емдеген дәрігерлердің суретін салып, қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіндегі дәрігерлерге алғыс айтқан.

«Ат салысқан, көмектескен, баламды аяғынан көтерген дәрігерлерге алғыс айтамын. Шынымды айтсам, балам осылай жазылып, жақсы хәлге жетеді деп ойлаған жқпын. Сондықтан, қуанышымды шек жоқ», - дейді сұхбат берген Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина. 

Нұржігіттің өзі болса оның жазылып кетуін тілеп, дұға еткен отандастарына алғыс білдірді. 

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жазылдым», - дейді ол. Еске салсақ, Жамбыл облысында әскерде жүргенде комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның анасы Жанна Жаналина әлеуметтік желіде президентке үндеу жариялап, көмек сұраған.