Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Nur Otan партиясы 121 мың теңге су ақысын әлі төлемеген

Борышкерлер тізімінде барлығы 205 ұйым бар. Олардың әрқайсысы "Алматы суға" кем дегенде 100 мың теңге қарыз.

Nur Otan партиясы 121 мың теңге су ақысын әлі төлемеген
фото: ашық дереккөз

"Алматы су" кәсіпорны су ақысын төлемеген ірі борышкерлер тізімін ұсынды. Коммуналдық қызметтерге төлем жасамағандар қатарында ҰҚК Шекара қызметі мен полицияның өңірлік департаменттері, Nur Otan партиясының бөлімшесі мен хайуанаттар бағы бар, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Борышкерлер тізімінде барлығы 205 ұйым бар. Олардың әрқайсысы "Алматы суға" кем дегенде 100 мың теңге қарыз. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 7 кәсіпорын су үшін 10-нан 34 миллион теңгеге дейін қарыз. Ал 31 ұйым былтыр бірден 9 миллион теңгеге дейін төлемеген.

Басқа кәсіпорындардың арасында су қарызы мынадай:

  • Алматы хайуанаттар бағы - 4,7 миллион теңге;
  • ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті - 3,6 миллион теңге;
  • Психикалық денсаулық орталығы - 1,7 миллион теңге;
  • Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы - 1,6 миллион теңге;
  • Алматы қаласының Полиция департаменті - 692 мың теңге;
  • Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті - 295 мың теңге;
  • Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы - 211 мың теңге;
  • Алматы облысының Полиция департаменті - 143 мың теңге;
  • Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы - 121 мың теңге.

Борышкерлер тізілімінде №4 автобус паркі, "Сайран" автовокзалы, Алматы темір жол ауруханасы және геофизикалық зерттеулер институты да бар.