Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Керемет оқиға»: Петропавлда 43 жастағы әйел он тоғызыншы сәбиін дүниеге әкелді

Петропавлдағы ең көпбалалы отбасында тағы бір нәресте дүниеге келді. Ерлі-зайыпты Култышевтер 19-ыншы нәрестесін өмірге әкелді. 

«Керемет оқиға»: Петропавлда 43 жастағы әйел он тоғызыншы сәбиін дүниеге әкелді
Фото: guru.wildberries.ru

Қуанышты хабармен Петропавлдағы перинаталдық орталық бөлісті.

«Бойы 56 сантиметр, салмағы 4 250 грамм болатын сүйкімді қыз өмірге келді. Бұл – қуаныш пен бақыт сыйлайтын өте керемет оқиға. Шаңырақтарыңыздан береке-бірлік кетпей, жылулыққа толы болсын», - делінген перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, нәресте 6 тамыз күні таңғы сағат 5.20-да дүниеге келген.

«Ана мен баланың жағдайы жақсы. Ертең үйлеріне жіберуіміз мүмкін. Жаңа босанған жас ананың жасы 43-те. Нәрестенің әкесі – 45-те. 19 баланың барлығы біздің перинаталдық орталықта дүниеге келген», - дейді Елена Калюжная.