Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Асфальт төсесін»: Сара Тоқтамысова Назым Қызайбайға да құрмет көрсету керегін айтты

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Париж Олимпиадасында топ жарған боксшы Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Асфальт төсесін»: Сара Тоқтамысова Назым Қызайбайға да құрмет көрсету керегін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Айта кетейік, боксшы Париж Олимпиадасының қола медалін иеленді.

“Назым, сен – мықтысың! Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! Үйіңнің алдына ғана емес, ауылыңа қарай асфальт салып берсе де жарасады. Шынын айтсам қыздардың боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі екен”, – деп жазды айтыскер ақын.

Еске салайық, 5 тамыз күні Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қазақстанға оралып, Таразға ат басын тіреді. Елге оралуына байланысты жергілікті әкімшілік атақты спортшы тұратын көшені абаттандыру шараларын қолға алған.