Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Халыққа 10-25 сотық жер телімдері тегін берілетін болды

"Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жазық даладан жер телімін алуға болады", - деп толықтырды комитет өкілі.

Халыққа 10-25 сотық жер телімдері тегін берілетін болды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 10 сотық жерден бөлек, учаскелер алуға құқылы. 25 сотық жер жеке қосалқы шаруашылыққа және 12-сі бау-бақша өсіруге арналады. Бұл туралы Жер кодексінің 50-бабында айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңды түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Жер учаскелері кодекстің 50-бабына сәйкес, азаматтарға жекеменшікке ақысыз беріледі делінген. Атап айтқанда, жеке қосалқы шаруашылық үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) ауылдық жерлерде - 0,25 гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлер; жеке тұрғын үй құрылысына - 0,10 гектар; көгалдандыру, саяжай құрылысына - 0,12 гектар жер берілмек.

"Үй маңындағы жер телімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салуға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жазық даладан жер телімін алуға болады", - деп толықтырды комитет өкілі.

Жер учаскелерін алу үшін жерге құқық беру туралы өтініш жазып өткізу керек.

"Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына жер учаскелерін жекеменшікке тегін беру тек жер игерілгеннен кейін жүзеге асады. Уақытша жерді игеру кезеңіне кодекстің 92-бабына сәйкес шарттар мен мерзімдер белгіленіп беріледі", - деді комитет өкілі.