Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Қазақстандық шебер Олимпиада чемпионы Сметовтің суретін қағаздан қиып салды

Қазақстандық шебер Әсел Сабыржанқызы тек қана қағаз бен қайшыны пайдаланып, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің портретін жасап, өзінің жеке әлеуметтік желісіне жүктеді, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық шебер Олимпиада чемпионы Сметовтің суретін қағаздан қиып салды

Видеодағы кадрларға қарасаңыз ол ешқандай басқа құрал-сайман қолына алмай, тек қағаз бен қайшыдан ғана Елдсты бейнелеп берген.

Сондай-ақ, Париж олимпиадасының чемпионын құттықтап, әсерлі жазба жариялап, өзге де спортшыларымызға сәттілік тілеген.

 «Қазақстанға Париждегі турнирдің алғашқы алтынын әкелген Елдос Сметовты құттықтаймын! Дзюдо, бұл ең күрделі спорт түрлерінің бірі, оған 198 ұлттық федерация кіреді, бірақ біздің чемпионның арқасында қазір барлығы тек Қазақстан туралы айтып жатыр. Барлық спортшыларға зор денсаулық пен сәттілік тілеймін! Елдос жол ашып, барлығына үлгі болды. Мұндай нәтиже үшін қаншама еңбек пен қаншама тер төгілді. Алға Қазақстан!», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан құрамасында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Оның екеуін дзюдошы спортшыларымыз жеңіп алды.