Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстандық әйел Камбожада көтерген баласын Ресейде сатқан (ВИДЕО)

Бала саудасымен айналысқандарға құқық қорғау органдарының қызметкері жәрдемдесіп келген...

Қазақстандық әйел Камбожада көтерген баласын Ресейде сатқан (ВИДЕО)

Ресейде бала саудасымен айналысып келген қазақстандық әйел ұсталды. Ол нәрестелерді 13 мың долларға саудалап келген, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, келіншек Камбожада жүкті болып, Красноярск қаласына босануға келіпті. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық қызметтерінің ақысын төлеп берген.

"2020 жылы әйел ұл босанып, туу туралы куәлік алған соң алаяқтарға нотаруис арқылы сенімхат жасап берген. Яғни, қазақстандық әйел өз баласын басқа біреулерге ресми түрде табыс еткен. Сосын Қазақстанға келіп, 13 мың доллар иемденген", - деді Ресей тергеу комитетінің өкілдері.

Қазақстандық әйелден бөлек, іске қатысты тағы 3 адам тергелуде. Бала саудасымен айналысқандарға құқық қорғау органдарының қызметкері жәрдемдесіп келген. 33 жастағы азамат бірнеше әйелдерді іздеп тауып, олармен келісімге келген. Әйелдер өз кезегінде бала көтеріп, оларды сатуға келіскен.

Нәрестелер көбіне шетел азаматтарына сатылыпты. Осылайша 9 сәби сатылымға түскен. Қазір олардың барлығы нәрестелер үйіне орналастырған. Қазір тергеу жалғасуда.