Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Тамыз 41 градус аптап ыстықпен басталады

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде - 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тамыз 41 градус аптап ыстықпен басталады
Фото: freepik.com

«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.

«1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады», - деп болжанып отыр.