Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек ауысып кетуі мүмкін. Күдікке түрткі болған мәліметтерді журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Журналист Арқалық және Атбасар қаласының халқынынан көмек сұрап, Батталова Жанна Бекенова есімді тұрғынға Арқалық қалалық полиция басқарамсы мен «Бармысың, бауырым» хабарының редакциясы іздеу жариялағанын мәлімдеді.
Архив құжаттарынан Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматтың қолхаты табылған. Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін Жазираның ДНҚ сараптамасы 0 пайыз көрсеткен еді. Редакция Жанна мен Жазираның балалары ауысып кетуі ықтимал екенін алға тартады.
Сондай-ақ екі ананың перзенті бір күнде балалар үйіне тапсырылған. «Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар.
Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз жедел жәрдеммен барып, босанып баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр», деп жазды Қымбат Досжан.