Отандық блогер Ырысбала Икрамбай бай болғысы келетін келіншектерге кеңес берді. Ол ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Ырысбала Икрамбайға оқырмандарының бірі бай болуға қатысты өз оқиғасын бөліскен.
"Ырысбала, 13 жыл бойы күйеуім екеуміз "байып кетеміз, байып кетеміз" деп, Алла көктен ақша жаудыратындай өмір сүрдік. "Осыдан қарап тұр, байып кетеміз" дейтін. Мен де "Әәә" деп жүре беріппін. Биыл соғыс шығарып, ұрыс шығарып, үй соққызып бастаттым. "Екі қолға бір күрек, әрекет ет, үй баста, Алла бітірткізеді, берекетін береді" дедім. 13 жылдың ішінде бес баламен ешкім пәтеріне кіргізгісі келмеді. Алла қалап, бізде үйімізге кіріп алайық", - деп жазған келіншек.
Мұны оқыған блогер бай болғысы келіншектерге бірден өз ақылын айтты.
"Қыздар, ертең, ертең деумен еріншек өледі. Басталған іс аяқталады. Қимылдағанға Құдай қарасады. Еркекті аямай, мотивация беріп, алға дей беру керек! Сіздерге Алла жар болсын", - деді ол.