Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жұмыссыз алматылықтар жаңа мамандықты тегін алып, жұмысқа орналаса алады

Жұмыссыз қалған адамдар үшін Алматының мансап орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделген. Ол тегін жүргізіледі, алты айдан аспайды және бүкіл оқу кезеңіне шәкіртақы төлеуді көздейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жұмыссыз алматылықтар жаңа мамандықты тегін алып, жұмысқа орналаса алады

Ол қысқа мерзімді кәсіптік оқыту тек жұмыс іздеушілердің ғана емес, жұмыс берушілердің де сұраныстарын жабатынын атап өтті. 

«Еңбек мобильділігі орталығының негізгі мақсаты жұмыс іздеушінің жұмыс табуына  және кадрларды іріктеуде жұмыс берушілерге көмек көрсету, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру болып табылады», - деді Әділет Жаңабаев .

Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған  тұжырымдамасы бекітілді. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасқз қызметі

Әділет Жаңабаев жұмыссыздарды кәсіптік оқыту туралы айтып берді. 

«Оқыту жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқу орталықтарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында жүргізіледі. Оқу ұзақтығы 6 айға дейін. Жобаға қатысушылар оқу ақысы, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер (70 мың теңге), жұмыс іздеушілер (32 681 теңге) стипендия немесе  (73 840 теңге) жалақы сияқты мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орнына (кемінде 6 ай мерзіммен) жұмысқа орналастыруға міндеттеледі», – деп нақтылады ол.

Ағымдағы жылы кәсіптік оқыту курстарына 34 мамандық (шаштараз, тігінші, массажист (медициналық емес), аспаз, автоэлектрик, кондитер, бухгалтер, автослесарь, туризм жөніндегі агент, наубайшы, киім дизайнері және т.б.) бойынша 950 жұмыссыз (оқу орталықтарына (ОО) – 740 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнына (ЖО) – 210 адам) жіберу жоспарлануда.

Оның айтуынша, 2024 жылдың маусым айында оқуға 184 адам жіберілген.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін (1 476 800 теңге) мемлекеттік гранттар беру көзделген - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға (АӘК және көп балалы ретінде, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеушілер, мүгедектігі бар адамдар) өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ӨКҚ спикері гранттар келесі бағыттарды дамытуға ғана берілетінін атап өтті: қажетті құрал-саймандар, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алу, үй-жайды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді. Мақсатсыз пайдаланғаны үшін 2020 жылы - 342 талап-арызы, 2021 – 2022 жылдары – 106 талап-арызы, 2023 жылы - 255 талап арызы сотқа берілді. «2024 жылы Алматы қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 528 млн 694 мың теңге сомасына 358 грант берілетін болады», – деді Әділет Жаңабаев.

Гранттар беру екі лек бойынша жүзеге асырылатын болады:- I лек (өтініштерді қабылдау 20 мамырдан 31 мамырға дейін) - 179 грант;- II лек (өтініштерді қабылдау 15 шілдеден 26 шілдеге дейін) – 179 грант.

Бірінші лек бойынша 2024 жылғы 20-31 мамыр аралығында business.enbek.kz порталына үміткерлерден 902 өтініш түсті.

Бірінші лек бойынша өтініштерді қарау жөніндегі комиссияның отырысы 2024 жылғы 3-13 маусым аралығында өтті. Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін мансап орталығының қызметкерлері 2024 жылғы 14 маусымда комиссия отырысының хаттамасына сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ-ға комиссия шешімін енгізді. Комиссия 179 грантты мақұлдады (74 жұмыссыз, 105 ЖК).

Бизнес-жобалар бөлімдері:- Тігін цехы, ателье 40 грант;- Наубайхана және аспаздық – 37;- ТҚС (дөңгелек жөндеу, автомобильдерді жөндеу бойынша қызметтер) - 17;- Сұлулық салоны (шаштараз, косметологиялық қызметтер), массаж – 12;- Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім – 12;- Баспа ісі және компьютерлік қызметтер – 12;- Мейрамханалар мен азық-түлік жеткізу қызметтері - 11;- Құрғақ тазалау / клининг - 9;- Дайын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі - 9;- Жиһаз өндірісі - 5;- Сыйлық майшамдарын, гипстен жасалған бұйымдарды өндіру - 4;- Пластикалық терезелер өндірісі, жуылған бетоннан жасалған бұйымдар - 3;- Анимациялық бейнеролик, бейнемонтаж - 2;- Бухгалтерлік қызметтер - 1;- Көкөністер мен бақша тамырларын және түйнек дақылдарын өсіру - 1;- Медицина саласындағы қызмет - 1;- Сүт өнімдерін өндіру - 1;- Ара шаруашылығы - 1;- Зерттеу үшін "FPV дрондарын" құру - 1 грант.