Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елімізде ең төменгі жалақы қашан көтеріледі?

Еске сала кетсек, 2020 жылы 30 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы ең төменгі жалақы 72 мың теңге болуы тиіс деген еді...

Елімізде ең төменгі жалақы қашан көтеріледі?
фото: ашық дереккөз

Жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет басшысы депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлады paryz.kz

"Жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленеді. Оның шеңберінде жалақының төменгі мөлшерін арттырудың негізгі тәсілдері мен тетіктері зерделеніп, ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі жетілдіріледі.

Жалақының төменгі мөлшерін арттыру республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды талап етеді. Осыған байланысты, бұл мәселе елдегі экономикалық жағдайға және мемлекеттік бюджеттің нақты мүмкіндіктеріне қарай қаралатын болады", - деді Асқар Мамин.

Еске сала кетсек, 2020 жылы 30 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы ең төменгі жалақы 72 мың теңге болуы тиіс деген еді.