Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қазақстанда жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды

Қазақстанда жаңа 2020-2021 оқу жылында 3,3 млн оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Қазақстанда жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды
сурет saigez.kz сайтынан алынды

Карантинге байланысты оқу әртүрлі форматта басталады.  Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды, оның шамамен 75% – 6 жасқа толған бүлдіршіндер. Бұған қоса ата-аналардың шешімі бойынша жыл соңына дейін алты жасқа толатын 11 мыңға жуық бала мектеп оқушысы атанды. Балалардың жас ерекшелігі мен ата-аналардың тілегі ескерілді, мектептерде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істеп тұр.

Жаңа оқу жылында бастауыш сыныптарда бір миллионнан астам бала оқиды, оның 60% ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша мектептерде, кезекші сыныптарда станитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып оқуды бастады.

Айта кетейік, елімізде 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, оның 3 мыңға жуығында 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастады. Олар - шалғайдағы шағын жинақталған мектептер, олардың әрқайсысында 180-нен астам бала бар.  Ал 2,6 млн оқушы оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады.