Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Мен үшін ең маңызды күн!»: Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбайдың қарындасы тұрмыс құрып жатыр, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Мен үшін ең маңызды күн!»: Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Журналист қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Мен үшін ең маңызды күн!
Құдалар қарындасыма сырға салу үшін келді", - деп жазған ол.

Тележүргізуші бұған дейін қарындасының ұзатылу тойына дайындалып жатқанын айтқан еді. 

"Үйдің үлкені мен. Менен кейін қарындасым бар. Бір айдан бері жалғыз бауырымның ұзату тойына дайындалып жүрмін. Қыз беру екі мағынада да қиын екен. Алғашқысы қимастық болса, екіншінісі жауапкершілік. Маңыздысы да осы болар", - деп жазған еді ол.