Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматылық оқушылар жажда спорттық ойындар ойнайды

Алматылық оқушылар жажда спорттық ойындар ойнайды. Осыны кқрсету үшін Алматыда мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде баспасөз туры өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматылық оқушылар жажда спорттық ойындар ойнайды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мониторинг барысында қатысушылар үш мектептің жанындағы лагерь, Алматы технологиялық колледжі базасындағы лагерь және Алатау ауданы Оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығы бағдарламасымен танысты.

Алғашқы нысан биыл алғаш рет этникалық лагерь ашқан №57 жалпы білім беретін мектеп болды. Мектеп аумағында іші дәстүрге сай безендірілген киіз үйлер орнатылған. Онда оқушылар үшін ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылады. Балалар бауырсақ, құрт пісіріп домбыра шертіп, сәндік-қолданбалы өнермен айналысуды үйренеді. Мұның бәрі балаларды, әсіресе ұлттық салт-дәстүрлерді, қазақы құндылықтарды, мәдениет пен әдет-ғұрыпты толық сіңіру үшін ұйымдастырылған.

«Биыл жазғы демалыста 266 мың бала қамтылады. Басымдық көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, ата-анасыз қалған балаларға беріледі. Бұл жолы біз балаларға арналған этнолагерьлер мен спорт кешендерін ұйымдастырдық. Біздің мақсат - балаларды мәдениет пен спортқа баулу. Демалыс пайдалы, функционалды әрі балалардың дамуына бағытталған. Мектеп жанындағы барлық лагерьде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған», - деді Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Келесі нысан №63 мектептің жанындағы спорт лагерь, онда журналистерге демалыстың қалай ұйымдастырылғаны көрсетілді. Тәлімгерлер күн сайын балаларды зияткерлік және шығармашылық ойындарға үйретеді, спорттық байқаулар мен викториналар ұйымдастырады. Қалада барлығы осындай 16 лагерь ашылған.

Әуезов ауданындағы Алматы технологиялық колледжінің базасындағы лагерь. Мұнда демалыс және кәсіби бағдар сынды пайдалы нәрсені біріктіре білген. Бұл «Жаз – болашақ мамандықпен» жобасының арқасында жүзеге асқан.

Баспасөз туры аясында қатысушыларға 8 сынып оқушылары итальяндық макарон дайындауды үйреніп жатқан ас үй көрсетілді. Жалпы, мұнда мектеп оқушылары аспаздық, кондитерлік, наубайхана бойынша шеберлік дәрістерінен өтіп, бариста және даяшы ретінде клиенттерге қызмет көрсетуді үйренеді.

«Лагерьдегі кондитерлік курсқа қатысамын, кекс пісіруді үйреніп алдым, рецептін білемін. Бұл жерде қысқа мерзімде рецептпе танысып, ас әзірлеп, қателескен жерімді түсіндім. Әдетте мұндай шеберлік дәріс ақылы, ал мұнда тегін үйренуге болады, өнім бізге беріледі», - деді №147 мектептің 8-сынып оқушысы Айша Хамитқызы.

Баспасөз туры соңында қатысушылар Алатау ауданы Оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығына ат басын бұрды. Балалар үшін арнайы бағдарлама әзірленді: жазғы уақытта оқу сабақтары ойын түрінде өткізіледі. Бұл балаларды қызықтыру үшін қолға алынған. Лагерьде балалар изостудия, вокалдық-эстрадалық үйірме, спорт секциялары, робототехника, авиамодельдеу, сурет салу, мобилография және би сияқты сабақтарға қатыса алады.

Ерекше қажеттілігі бар балаларға баса назар аударылады. Олар үшін ұсақ моториканы дамытуға бағытталған секциялар қарастырылған.

«Қоғамдық кеңес жанындағы әлеуметтік комиссия мүшелері қаланың мектеп жанындағы лагерлерінің рейтингісін шығарады. Лагерьлер орналастыру шарты, тамақтануды ұйымдастыру, қауіпсіздік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету, инфрақұрылымның жай-күйі және т.б. критерий бойынша бағаланды. Жалпы, қаладағы мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы жақсы ұйымдастырылғанын, балалардың бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндігі жан-жақты қарастырылған», - деді Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасанов.